Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби

0 6

Дегерес қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби» атты кеші өтті, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Әбу Насыр әл – Фараби өмірімен таныстыру және ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы мағлұмат беру мақсатында ұйымдастырылған  шара «Болашақ» бөбек — жай бақшасының қызметкерлерімен Абу Насыр Аль-Фарабидің құрметіне арналған кештің бастамасы болып отыр.

Абу Насыр Аль-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына кітапхана қызметкері Р.Оспанова толық тоқталып,»Болашақ» бөбек — жайының музыка пәні жетекшісі Елтай Тулаганов музыка әлеміндегі Әл Фараби туралы қызықты деректерді айтып берді.

Бұдан кейін, оның нақыл сөздерін М.Жұматаева,А.Алиханова,Б,Мұсаевалар оқыды. Кештің соңында кітапханашы Р.Оспанова «Дара тұлға»атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

Көрмеге Әл Фарабидің «Қайырымды қала», «Философиялық трактаттары», «Книга о разуме», «Книга букв» және Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты кітаптары қойылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.