Бастауыш партия мүшелерімен бас қосты

0 1

Т.Рысқұлов аудандық маслихат депутаттығына кандидат Р.Жуманкулова  «Сұлутөр» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен онлайн форматта кездесіп,  «Nur Otan»   партиясының сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндірді, деп жазады “ZhambylNews” АА.

Үміткер партияның екінші бағытына басымдық берді.

Бұл бағытта партия жолдардың сапасын жақсартуға, таза ауыз сумен және көгілдір отынмен қамтамасыз етуге, инженерлік-инфрақұрылымдарды жетілдіруге басымдық береді.2025 жылға дейін ұзындығы 1200 шақырым  автомобиль жолын салу, қайта жаңарту және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жылына 50 автобус сатып алу арқылы алдағы бес жылда қалалық автобус паркі 52 пайыздан 90 пайызға дейін жаңғыртылады.

Партияның ықпалымен 119 елді мекен сапалы ауыз сумен, 107 ауылды газбен қамту  жүргізілмек. Ал, 85 ауылда 862 шақырым болатын су құбыры  тартылады. 36 ауылда ауыз су тазарту ұңғымасы орнатылады.

Тараз қаласында М-1 жылу магистралін қайта жаңартуға, Жаңатас қаласындағы орталық қазандықты қайта құруға, 1,1 мыңнан астам көпқабатты үйдің ауласын абаттандыруға ықпал етеді.

«Жасыл экономика» шеңберінде қуаттылығы    133,8 мегаватт болатын 4 жоба іске қосылады.

Баспанамен қамту ісіне айрықша басымдық беріліп, 5 жылда 156 тұрғын үй пайдалануға тапсырылады. 11 мың отбасы баспаналы болады.

Экологиялық ахуалды жақсарту да партия назарында.  

2022 жылы Тараз қаласында қатты тұрмыстық қалдық зауытын салуға,  158 ұйымдастырылған қоқыс үйіндісі мен полигонды талапқа сай етуге күш салады. Жасыл белдеулерді құруда 53 гектар болатын  мемлекеттік орман қорын қалыптастыруға баса мән беріледі. Қоқыстарды бөлек жинау және құрамында сынабы бар қалдықтарды жинау үшін контейнерлер орнатылады.

Заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылым қалыптастыруға да айрықша назар аударылады.

Партия пәрменімен алдағы 5 жылда 133 елді мекен кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілетін болады, — деді кандидат.

Бұдан кейін Р.Жуманкулова салаушылардың сұрақтарына жауап берді.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.