Кандидаттар таңдаушылармен жүздесті

0 0

Айтулы мерекеде Түймекент ауылдық округіндегі мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесуден басталған шарадан соң партиялық тізім бойынша аудандық және облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар мен олардың сенімді өкілдері Ақжар елді мекеніне барып қайтты, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Кандидаттар ауыл тұрғындарымен жүзбе жүз кездесіп, әрбір шаңырақта партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.  Ауыл ақсақалы,  мешіт имамы Лесбек Қалабаев,  Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің директоры Бақыт Тұлымшақова, шаруа қожалық жетекшісі Нұрғали Рустамов,  ауыл тұрғындары Талғат Исмайлов және Қылышбек,  Бақыт,  Аманбай,  Сайлаукүл,  Қалипа,  Әлима сынды аға-әпкелердің отбасыларында болды.

Ақжарлық тұрғындар арасында көпбалалы отбасылар да назардан тыс қалмады. Ауылдықтарға кандидаттар мен сенімді өкілдер партияның ұстанған саясаты мен алдағы сайлауалды бағдарламасы жөнінде ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.  Сайлау науқанына байланысты ақпараттық үгіт-насихат парақшаларын таратты.

«Nur Otan» партиясының Байзақ аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.