Мойынқұм аудандық ветеринария станциясының материалдық-техникалық базасы жақсарып келеді

0 6

Мойынқұм аудандық ветеринария станциясының материалдық-техникалық базасы жақсарып келеді. Заманауи құрылғыларға қол жеткізген ветеринар мамандар негізінен эпизотияға қарсы жұмыс істеп, қауіпті деп саналатын 14- түрлі аурудың алдын алады, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Мойынқұм ауданындағы барлық ауылдарда ветеринариялық пунктер соғылуда немесе үкімет бөлган ақшаға олар ауыл ішіндегі бос тұрған ғимараттарды сатып алып жатыр. Бұрын әкімшілік мекемесіне жапсарлас отыратын мал дәрігерлері қазір өз алдына бөлек қамтылған. Онда дәрі- дәрмекті сақтайтын қоймалар, тоңазытқыш пен өзге де жабдықтар бар. Мәселен, Айдарлы ауылының ветеринар мамандары қазір күзгі малдарды дәрілеу жұмыстары жүргізіп жатыр. Мойынқұм аудандық ветеринария станциясы жұмысындағы басым бағыт жас мамандары жұмысқа алу дейді Мойынқұм аудандық ветеринария станциясының директоры Мұрат Қасенов. Өйткені, уақыт өткен сайын мал басы саны артқан. Осыған сәйкес, білікті жас кадрлар керек. Мәселен: Мойынқұмға соңғы жылдары 10 жас маман жұмысқа келсе, оның басым көпшілігі мемлекеттен бір реттік көмектерін алған.

Мар дәрігерлік пунктке мемлекет тарапынан бөлек, өз үлеріндегі малдарды емдеуге тұрғындар да жиі сұраныс жасайды. Ондай кезде біз қолдан келген көмегімізді аямаймыз дейді ветеринарлар. Сонымен қатар, мұнда малын сататын адамдарға анықтама беріледі. Анықтама алу үшін олар осында келіп өтініш білдіру керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.