Мойынқұм ауданында 5 кооператив құрама жем дайындаумен айналысады

0 0

Мойынқұм ауданында 5 кооператив құрама жем дайындау және егін шаруалығымен айналысады. Шығарылған өнімдері негізінен аудан шаруашылықтарының сұраныстырын қамтуда, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Аталған кооперативтің бірі тұрғындардың тұрмыстық жағдайын арттыру жобасы аясында құрылған. Биылғы жылы бөлінген қаражатқа 6 жаңа техника алыпты.

Ауданда тоғандар мен каналдарды тазалап қайта іске қосылғандықтан егін шаруашылығымен айналысушылардың қатары көбейіп, алқаптардың көлемі ұлғайған. Мысалы, өткен жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары егілген алқаптар 5 074,0 гектар болса, биылғы жылы 5 408,0 гектарды құрап 334 гектарға артқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.