Мойынқұм ауданында биыл 9 тоғанға тазалау жұмыстары жүргізілген

0 0

Мойынқұм ауданында биыл 30 жылдан бері тазаланбай қамыс басып кеткен тоғандарға тазалау жұмыстары жүргізілді. Су тапшылығынан ауданда егін шаруашылығы күрт төмендеп кеткен болатын, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

— Шаруа дихандарына егін суын жеткізуге отыз жылдай көлемде тазаланбай қайыр, қамыс басып кеткен тоғандар өте қиындықтар туғызып, өсімдік шаруашылығындағы өнім көлемі күрт төмедеген. Осы мәселені шешу мақсатында өткен жылы аудандық бюджет есебінен 60,0 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 69,0 шақырым болатын 9 тоғанды механикалық тазалаудан өткіздік. Биылғы жылыда жалпы ұзындығы 51 шақырым болатын тоғандарды тазалау ұйымдастырылып отыр. Бұл жұмыстарға аудан бюджетінен 16,4 млн.теңге қаржы бөлінсе, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 52,4 млн. теңге қаржы қаралып тазалау жұмыстары жалғасуда, — дейді аудан әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.