Мойынқұм ауданының әкімі қыс маусымына қатысты жиын өткізді

0 0

Мойынқұм ауданының әкімі қыс маусымына қатысты жиын өткізді. Онда «Ауданның әлеуметтік   экономикалық дамуының 11 айдағы қорытындысы туралы» аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау және қаржы бөлімдерінің басшылары Б.Шынжарбеков пен Т.Әділбаев хабарлама жасады, — деп жазады «ZhambylNews» АА.

Хабарламадан байқалғандай аталған мерзімде қаржының игерілуінде Жамбыл, Ақсүйек ауылдық округтері аудан көрсеткішін артқа тартқандары белгілі болды. «Жылыту маусымының барысы туралы» аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Д.Қабышев, «Қоғамдық саяси ахуал туралы» аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Несіпбаева, «Ауылдық округтердегі сайлауға дайындық барысы туралы» аудан әкімі аппаратының бас инспекторы С.Амановтар хабарлама жасады.

Қыс енді басталғанымен қақаған аяз, қарлы борандар алда екені белгілі. Сондықтанда оған жан-жақты дайын болуымыз керек. Солай болғанмен М.Әуезов, Мыңарал орта мектептері мен «Балауса» балабақшасына қосымша насос керектігі айтылды. Аудан әкімі М.Мұсаев аудандық білім бөліміне әкелінген насостарды аталған мектептер мен балабақшаға тездетіп апарып, орнатуды білім бөлімінің басшысы Ж.Жазықбаевқа тапсырды. Басқада білім ошақтары қысқа мұқият болуы керектігі ескертілді.

Сондай-ақ, ауданда саяси ахуал бірқалыпты екені айтылды және  алдағы сайлауға дайындық барысы да жаман емес.

Аудан басшысы Мәден Тоқтарбайұлы аудан бойынша анықталған 67 аз қамтылған отбасы, жетім – жесір, басқа да жағдайы төмен азаматтарға азық-түлік, отыннан көмек беру керектігі жөнінде тиісті азаматтарға нақты тапсырма берді.

Сондай-ақ алдағы 10 желтоқсанға дейін барлық сайлау учаскелері аталған саяси науқанға дайын болуы керектігін ауыл, ауылдық округ әкімдеріне тапсырды. Отырыста медициналық сақтандыру, жергілікті салықтардың орындалуы, коронавирус індетінен сақтану, баспасөзге жазылу туралы мәселелерде қаралды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.