Үгіт-насихат жұмысы Отарда қарқын алды

0 0

18 желтоқсанда Қордай аудандық мәслихатына кандидат Қарлығаш Қыпшақбаева, Нурдин Садыков, Саламат Көпешовтар Отар ауылдық округінде болып, желілік кестеге сәйкес Отар ауылдық клубында № 24 жол-пайдалану учаскесі мекемесі of қызметкерлерімен және ауыл тұрғындарымен кездесті, деп жазады “ZhambylNews” AA.

Отар ауылы — орта мектеп, клуб, аурухана, т.б. мәдени-ағарту, денсаулық сақтау мекемелері бар, Тараз – Алматы автомобиль және темір жолы бойында орналасқан іргелі елді мекен. Гвардейск гарнизонындағы жолдарда қызмет көрсететін «ҚР Қорғаныс министрлігінің № 24 жол-пайдалану учаскесі» мемлекеттік мекемесінде бүгінде 102 қызметкер жұмыс істейді. Кездесуге келген кандидаттар алдымен партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қордай ауданында 2015-2019 жылдардағы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Сондай-ақ кездесуде 7 басымдықты қамтыған ауданды кешенді дамытуға бағытталған партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы да жан-жақты насихатталды.

Партиялық тізімге енген үміткер Қарлығаш Қыпшақбаева қатысушылар  назарын  партияның сайлауалды бағдарламасының өзекті деген бағыттарына аударды. Қазақстандық қоғам үшін  экономикалық тұрақты және жайлы, әлеуметтік бағдарланған ауданды құрудың, жастарға жағдай жасап, барынша қолдау көрсетудің, тарих пен мәдениетті дамытудың маңыздылығын  атап өтті.

– Біздің міндетіміз  –  жас ұрпаққа  ата-бабаларымыздан бері сақталып келе жатқан рухани құндылықтарымызды, ұлттық салт-дәстүрімізді аманат  етіп қалдыру,  еліміздегі  бейбіт өмір мен  тұрақтылықты, бірлік пен ынтымақты  сақтап қалуға күш салу, ата бабаларымыз арман еткен тәуелсіздігімізді баянды ету, деді кандидат Қарлығаш Қанатбекқызы кездесуде.

Бағдарламада Отар ауылдық округі тұрғындарының алдағы уақытта бірқатар ауқымды мәселелері шешімін таппақ. Аудандағы жолдардың жоғары сапасы азаматтардың өмір сүру жайлылығын арттырудағы басымдықтардың бірі болып табылса, бағдарламада 2025 жылға дейін аудандық маңызы бар 104,6 шқ жолды жөндеу жоспарланған. Соның ішінде 2024-2025 жылдары«Отар-Гвардейск»; «Отар-Аңырақай-Бел» жолдары жөндеуден өтеді. Отардың білім беру мекемелері де партия назарынан тыс қалмаған. Оның бір дәлелі — 2021 жылы Отар ауылындағы №41 К.Әзірбаев атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмысының бағдарламаға енуі болып табылады.

Үміткерлер «Кандидат қонақта» канвассингін өткізу үшін Отар ауылының тұрғыны, ауылдың белсенді, беделді азаматы, 80 жастағы Бейсеуов Смағұл атаның үйінде болып, отбасы мүшелеріне алдағы сайлаудың маңыздылығын түсіндіріп, үгіт-насихат жүргізді.

Қордай аудандық маслихат депутаттығына кандидаттар «Есіктен есікке» акциясы аясында Отар ауылдық округіндегі үйлерді аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға партияның 2025 жылға дейін жасақтаған сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысы Қордай ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.