Мойынқұм ауданында ерекше акция өтті

0 0

Ұлтымыздың ұлық мерекесі- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның ерікті жастарының қатысуымен «Менің туым, Менің Отаным» атты патриоттық акция өтті, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Жастар акция барысында аудан орталығының көз тартар жерлері мен көпқабатты тұрғын үйлер терезелері мен балкондарына Мемлекеттік Туды орналастырып, сондай ақ атқа мініп ту ұстаған жастарымыз ауыл көшелерін аралады. Ауыл халқы бұл акцияның дұрыс екендігін айтып, ризашылықтарын білдіре отырып жастарға қолдау көрсетті.

Бұл акция ауданда биыл алғаш рет өткізіліп жатқандықтан ауыл халқы бұл үрдіс әрі қарай да жалғасын тапса өскелең ұрпақты рәміздерді, туымызды қадірлеп қастерлеуге себепші болатынына кәміл сенетіндіктерін жеткізіп жатты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.