Мүдделі топтарға жататын азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілуде

0 0

Мойынқұм ауданында мүдделі топтарға жататын азаматтар үшін 2020 жылы біржолғы әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен барлығы 6450,0 мың теңге бөлінген. Нәтижесінде барлығы 81 азаматқа әлеуметтік көмек төленген, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Аталған қаражат негізінде туберкулезбен ауыратын 13 адамға 13,4млн.теңге берілді. Мүмкіндігі шектеулі 229 азаматқа жеке оңалту бағдарламасы бойынша әлеуметтік қызмет түрлері тағайындалған. Оған 42,7 млн. теңгеге қарастырылып қажетті заттар сатып алынған.

219 отбасына 56,8 млн.теңге жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек төленді. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакет ай сайын 258 балаға берілуде.

Төтенше жағдайлар кезеңінде нысаналы топтар үшін 5567 теңгеден барлығы 2040 адамға 48,1 млн. теңге азық-түлікке арналған төлемдері төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.