“Дипломмен ауылға” жобасы бойынша Мойынқұмға келген 20 маманға көтерме жәрдемақы берілген

0 1

Мойынқұм ауданына “Дипломмен ауылға” бағдарламасымен келген 20 маманға тұрғын үй сатып алу үшін арнайы көмек көрсетілген, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Мойынқұм ауданына келген жас мамандар үшін 2020 жылға тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 87 864,0 мың теңге, көтерме жәрдемақыға аудандық бюджеттен 26 510,0 мың теңге қаржы қаралған болатын.

Ағымдағы жылдың ішінде 20 маманға, оның ішінде білім беру саласының 12 маманына және денсаулық сақтау саласының 8 маманына тұрғын үй сатып алуға жалпы сомасы 78 541,0 мың теңге бюджеттік кредит берілген.

Сонымен қатар 61 маманға, оның ішінде білім беру саласының 36, денсаулық сақтау саласының 15 маманына және агроөнеркәсіптік кешен саласының 5, мәдениет саласының 2, әлеуметтік қамсыздандыру саласының 3 маманына жалпы сомасы 16 945,8 мың теңге көтерме жәрдемақы төленген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.