Кандидаттар Түймекент және Ақжар елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті

0 0

Партиялық тізімге енген облыстық және Байзақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар өздерінің сенім білдірген өкілдерімен бірге Түймекент және Ақжар елді мекендерін аралап қайтты, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Ауыл халқымен кездесу барысында аудан тұрғындарының сапалы өмір сүруіне бағытталған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары түсіндірілді.

— Біздің партия Байзақ ауданы тұрғындарының болжамдарына сәйкес болу, халықтың барлық топтарының мүдделеріне өкілдік ету және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады, — деген кандидаттар жергілікті мәслихат сайлауында «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

Сонымен қатар, партия аймағымызды қарқынды дамытатын, әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті экономикасы бар және адамдардың жайлы өмір сүруі үшін нақты шараларды ұсынатыны, ауданның дамуы мен өркендеуі үшін идеялармен алмасуға, сондай-ақ барлық азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен кең ынтымақтастыққа әзірлігі мен ашықтығын жеткізді. «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жұмыс істеуді жалғастыра беретіні айтылды.

Біз ауданның әрбір тұрғыны жайлы өмір сүру, даму және өзін-өзі жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын әл-ауқат қоғамын бірге құрамыз.

Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыным — тілектер тыңдалып, сайлау науқанына қатысуға және «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Байзақ аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.