Бас партия ауыл тұрғындарының табысын 2 есеге арттыруға ықпал етеді

0 1

«Nur Otan» партиясы Қордай аудандық сайлауалды штабының мүшелері мен облыстық және Қордай аудандық мәслихатына кандидаттар Ауқатты ауылындағы мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Аудандық сайлауалды штабы төрайымының орынбасары Руслан Нұрсипатов бастаған үгіт-насихат тобы Аухатты ауылы тұрғындарына ең бірінші партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қордай ауданында 2015-2019 жылдардағы атқарылған жұмыстарды баяндап өтті.

Аталған бағдарлама арқылыАуқатты ауылының көшелері толық асфальтталған. Елді мекенді газдандыру жұмыстары да толық аяқталып, аухаттылықтар көгілдір отынның игілігін көре бастады. Тұрғындардың сұрауы бойынша ауылдық №9 орта мектебі күрделі жөндеуден өтіп, толықтай жаңартылған білім ордасы халық игілігіне берілді.

Кездесуде сайлауалды штабының мүшелері таныстырған «Nur Otan» партиясының Қордай ауданын дамытудың сайлауалды бағдарламасы ауыл тұрғындарының көңілінен шықты.

— Сайлауалды бағдарламаға сай ауылда шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасау есебінен 385-тен астам жаңа жұмыс орны құрылады. Бұл шаралар өндіріс көлемін 807 миллион теңгеге арттыруға мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда саладағы қолдау нәтижесінде ауыл округтердегі 1 аулаға кіріс ағымдағы жылы 104 мың теңгеден болса, 2025 жылы 209,1 мың теңгеге көбейеді, — деді кандидат Лугмар Буларов.

Ауыл тұрғындарыда өз тараптарынан партияның мұрындық болуымен атқарылған жұмыстарға разылығын білдірді.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.