Жамбыл облысына келетін туристер санын 20% жеткізу жоспарлануда

0
17

Алдағы 3 жылда Жамбыл облысына келетін шетелдік және отандық туристер санын кем дегенде 20 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл туралы бүгін «ӨКҚ» ақпарат алыңында өткен брифинг барысында  Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жомарт Хажы айтты, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Облыс бойынша 3 441 ескерткіш  бар. Оның ішінде 25 республикалық дәрежеде болса, 3416 жергілікті маңызға ие. Сондай-ақ, аймақта 200-ден астам көне қалашық болса, бір ғана Тараздың өзінде 119 тарихи-мәдени ескерткіш тіркелген.  Биыл негізгі туристік нысандардың саны 37-ден — 65-ке көбейтіліп, 45 жаңа туристік маршрут әзірленген.

Сондай-ақ, алдағы уақытта аймақта бірнеше туристік орындар салынбақ, оның ішінде 1 млрд теңгеге «Алтын бұлақ» агротуристік базасы салынбақ, 4,1 млн теңгеге «Көксай» туристік кешені, 300 млн теңгеге «Асем» демалыс орталығы, «Қазақ хандығы» монументі жанынан 500 млн теңгеге «Этно ауыл» саябағын  ашу бағытында жұмыстар жүріп жатыр. 200 млн теңгеге «Әулие бастау» бұлағы жаңғыртылса,  дәл осындай қаржыға «Тас көл» көлінің жағасынан туристік демалыс орталығы ашылады.

— Бүгінде облыс бойынша 180 қонақ үй, 434 тамақтану орындары, 7 шипажай, 15 демалыс орындары, 11 балаларды сауықтыру лагерлері, 47 туристік ұйым, 78 қолөнершілер мен 25 көлік субъектісі жұмыс істейді,- деді Жомарт Жайнақұлы.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here