«Ауыл» партиясы зейнет жасын төмендететінін айтты

0 1

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында «Ауыл» партиясының кандидаты Рабиға Тоқсейітова жергілікті тұрғындармен кездесті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасымен танысқан аудан азаматтары өз кезегінде әйелдердің зейнет жасын тым құрығанда қайта 58 жасқа дейін төмендетуді ұсынды.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда әйелдердің зейнеткерлік жасы жарты жыл сайын ұлғаюда. Бұл қала және ауыл тұрғындарына ортақ ереже. Әдетте, ауыл әйелдері өмір бойы ауыр аграрлық еңбекпен айналысады, оған жеке ауладағы күнделікті жұмыстары да қосылады.

Расын айтқанда, депутаттардан басқаның барлығы қаладағы жылы пәтер мен ауылдағы жер үйдегі өмір екі түрлі екенін жақсы біледі» деді ауыл әйелдері.

Аудан тұрғындарының базынасын байыппен тыңдаған Р.Тоқсейітова мәселенің тоқетерін айтты.

— «Ауыл» партиясы Аналар үшін зейнеткерлік жасты 53-ке дейін төмендетуді ұсынып отыр.Сондықтан да біз азаматтардың әділ әлеуметтік саясат туралы пікірімен толық келісеміз және қолдаймыз, — деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.