«Ауыл» партиясының мүшесі Қарлығаш Аралбекова еліміздегі әлеуметтік ахуалдың мүшкілдігін айтты

0 7

«Ауыл» партиясының мүшесі Қарлығаш Аралбекова еліміздегі әлеуметтік ахуалдың мүшкілдігін айтты, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат аагенттігі.

Қазақстан азаматтарының тұрмыс тіршілігі, әлеуметтік ахуалымыз жылдан жылға құлдырап бара жатқанын ашына жеткізген кандидат оны түзетудің жолдарын көрсетті.

«Қазіргі күні ана мен балаға республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақының 6 түрі бар. Оның көлемі бала санына, отбасының кірісіне байланысты.

Шарттарына қарай сол 6 жәрдемақы, сенесіз бе, 20 шақты түрге бөлінген. Шарт бар жерде шатасу бар, шарт бар жерде жемқорлыққа негіз бар, қағазбастылық пен қанау бар. Осыны тоқтатуымыз керек! Шалғайда отырып аудан орталығына бара беру оңай шаруа емес. Жолына ақша таба алмайтындар көп. Шенеуніктердің ана қағазды әкел, мына құжатты бер деп жұмсағанына шыдай алмай әлеуметтік көмекке қолын бір сілтегендер қаншама», деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.