Ауыл бизнесін дамыту есебінен 385 жаңа жұмыс орны құрылады

0 0

«Nur Otan» партиясынан Шу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Болатхан Ниязбеков «Есіктен-есікке!» акциясы аясында Шу ауданындағы Бірлікүстем ауылының тұрғындарына сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын түсіндірді, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында кандидат партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы аясында ауданда атқарылатын жұмыстар жөнінде сөз етті.

– Ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін Шу ауданында 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болады. Ауылда шағын және орта бизнесті дамыту есебінен 385-тен астам жаңа жұмыс орны құрылады. Нәтижесінде кәсіпкерлердің саны 225-ке артып, өндіріс көлемі 807,2 миллион теңгеге ұлғаяды. 2025 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 33,9 пайызға артпақ.

Бұған қоса, халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін Шу ауданында ауаны тазартатын құрылғылар кешені салынады. Барлық ауылдарға қоқыстарды бөлек жинайтын және құрамында сынабы бар қалдықтарды салатын контейнерлер орнатылады.

Сондай-ақ, ауданда өрт деңгейін төмендету үшін 2 өрт сөндіру бекеті құрылып, өз жұмысын бастайды. Бұл мәселелердің барлығы «Nur Otan»партиясының 2025 жылға арналған сайлауалды бағдарламасының аясында шешімін табатын болады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында «Nur Otan»партиясына дауыс беру арқылы сіздерде осы игіліктерге қол жеткізу мүмкіндігі арта түседі, –деді кандидат Б.Ниязбеков сайлаушылармен кездесу кезінде.

Өз кезегінде ауыл ақсақалдары елді мекенде атқарылған игі істің барлығына партияның мұрындық болатынын айтып, ризашылығын білдіріп жатты.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.