Мақсат айқын — жауапкершілік үлкен!

0 0

Еліміздің қуатты және табысты мемлекетке айналуы жолында өзінің бастамалары арқылы жоғарғы беделге ие болған «Nur Otan» партиясы ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Партияның сайлауалды бағдарламасын негізге ала отырып штаб мүшелері және партияның сенім білдірген өкілдері Жуалы ауданында Қарабастау ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Кездесуде сайлауалды бағдарламаның жеті басым бағыты талқыланды.

—  «Nur Otan» партиясы бағдарламасына сәйкес, «Каралма» тау шаңғысы курортының екінші кезеңі салынып, 2022 жылға дейін Жуалы ауданында «Қазақ ауылы Көксай» инвестициялық жобасы іске асырылатын болады. Басты мәселелердің бірі — газ мәселесі. Аудандағы ауылдық елді мекендерде жалпы қуаттылығы  582,7 шақырымды құрайтын газбен жабдықталса, ауданда бір өрт сөндіру бекеті құрылып өз жұмысын бастайды, — дейді кандидат.

Кездесу соңында тұрғындар тарапынан келген ұсыным тілектер тыңдалды жіне сайлаушыларды сайлау науқанында партияны қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.