ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаты Лаура Мәлікова Ақтөбенің белсенді азаматтарымен жүздесті

0 1

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаты Лаура Мәлікова Ақтөбенің белсенді азаматтарымен жүздесті, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Ақтөбеліктерді ауаның және өзендердің ластануы, қоқыс қалдықтарын жинау дұрыс жүйеге қойылмағандығы мазалайды. Қала белсенділері қала маңында медициналық қалдықтарды жағуға және Ақтөбе ферроқорыту зауытының зиянды қалдықтарына қатысты және өзендердегі су деңгейінің тартылуына қатысты шағымдарын да айтты.

Сондай-ақ, тұрғындар өздерінің көркем гимнастикаға қатысатын қыздарына сабақ ақысын өздері төлейтінін және жарыстарға облыс құрамасынан қатысса да бюджеттен оған қаржы бөлінбейтінін айтты. Оған қоса, көркем гимнастикамен айналысуға арналған арнайы залдың жоқтығын да атап өтті. Адал партиясының өкілі Маликова Лаура айтылған шағымдарды тыңдап, қоршаған ортаның сапасын кешенді түрде жақсарту Адал партиясының басты бағыттарының бірі екенін атап өтті, және Адал партиясының сайты арқылы шешуге болатындығын айтты.

Кездесу нәтижесінде Ақтөбе қаласының тұрғындары партия бағдарламасын қолдайтындығын айтып партияға қосылуға ниет білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.