Жамбыл облысы тұрғындарының 21,1 пайызын жастар құрайды

0 0

Жамбыл облысы тұрғындарының 21,1 пайызын жастар құрайды. Бүгін Жамбыл облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа ӨКҚ ақпарат алаңында аймақ жастарына жасалған жағдайларға тоқталды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Ол брифинг барысында облыста 237 900 жас барын айтып, өңір халқының 21,1 пайызын құрайды деп атап өтті. Оның ішінде, облыс орталығында 9 494 жас тұрады, яғни 29,2%. Ал ауылдық елді мекендерде 168 406 жастар бар десек, бұл 70,8% құрап отыр.

— Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде облыста 76,6 млн. теңгеге 26 әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылды. 2020 жылы 10 742 жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Есепті кезеңде 18 541 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі биыл 2,9% немесе 6 899 жасты құрады. Бұл басқа өңірлер арасындағы ең төменгі көрсеткіш,- деді Серікбол Берікқожа.

Айта кету керек, биыл аймақта алғаш рет NEET санатындағы яғни, жұмыссыз әрі оқымайтын жастардың электронды дерекқоры жасақталып, олармен адрестік жұмыстар жүргізіліпті. Бұл санаттағы жастардың үлесі 17 842 жасты құрайды. Бұл ретте «Жасыл ел» еңбек жасағына облыстық бюджеттен 62,9 млн. теңге бөлініп, 1 039 жас маусымдық жұмыстарға тартылған.

Спикер жастарды жұмыспен қамтуда «Дипломмен ауылға» бағдарламасына да тоқталып өтті. Бұл бағдарлама бойынша 550 маманға 151,8 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы үлестіріпті. Тағы 300 маманға тұрғын үй сатып алуға 1 млрд. 212 млн. теңге қаржы берілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.