Талас аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар экспромт-кездесу өткізді

0 16

Талас аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ғ.Қартабаев, А.Төлебаев, А.Абдибекова, Н.Бердиев пен Г.Оралбаева үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында «Диас» сауда орталығындаэкспромт-кездесу өткізді, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Кездесуде үміткерлер «Nur Otan» партиясының коронавирус пандемиясыкезінде жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жасаған іс-шараларына тоқталып, тұрақтылықты сақтау мақсатында шағын және орта бизнеске дағдарыс жағдайында айтарлықтай қолдау білдіргенін жеткізді.

Атап айтар болсақ, «Қарапайым заттарэкономикасы» шеңберінде 84 млн теңгеге 9 жобақолдау тапқанын, төтенше жағдай кезінде несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий енгізілгенін, сондай-ақ, зардап шеккен жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес кредиттері бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін кейінге қалдырылғанын тілге тиек етті.

Сонымен қатар, саяси науқан кезіндегі қызу жұмыстарға тоқталып, партияның ауданды дамытуда нақты жеті басымдықпен жұмыс жасайтынын алға тартты. Оның ішінде экономикалық тұрақты аудан, жайлы аудан, әлеуметтік бағдарланған аудан, жастарға арналған аудан, тарих пен мәдениетті дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз аудан бағыттары бар.

Партияның сайлауалды бағдарламасында шағын және орта бизнесті дамыту да назардан тыс қалмайтыны айтылды. Үміткерлер бұл үшін «Nur Otan» партиясы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында Қаратау қаласындағы жеке кәсіпкерлерге жыл сайын 5-6%-бен кемінде 10 жобаны субсидиялау және 5 кепілдеме беруге, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының грант беру тетігі бойынша жыл сайын бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтуға,сондай-ақ, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде бизнесті дамыту үшін жыл сайын кемінде 70 микрокредит беруге және екінші деңгейлі банктерден басқа «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тарту арқылы кәсіпкерлерге несие беру тетіктерін кеңейтуге ықпал ететінін мәлімдеді.

Бұл шаралар 2025 жылға қарай жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің санын 2300-ге, шағын және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің санын 4 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Nur Otan» партиясы Талас аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.