Талас ауданында 7 ауылдық елді мекен сумен жабдықталады

0 9

Талас аудандық мәслихат депутаттығына кандидат М.Джарылкапов пен Б.Сұлтанбек үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында Бөлтірік шешен ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Аталмыш шарада үміткерлер «Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың  7 басым бағытын өзінің сайлауалдындағы бағдарламасында айқындағанына тоқталып, оның ішінде ауылдық жерлердің мәселесі назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

— Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2023 жылға Қаратау қаласындағы, Қасқабұлақ, Көшек батыр, Бөлтірік шешен ауылдарындағы көшелерді жарықтандыруға, 1,9 мыңнан астам халқы бар 7 ауылдық елді мекенде 12 км сумен жабдықтау желілерін және құрылғыларын салуға және өңірде туризмді дамыту үшін 2021 жылға дейін тарихи-археологиялық және экологиялық туризм бойынша жаңа туристік жобаларды, атап айтар болсақ, палеолит кезеңіне жататын Бөріқазған, Теңізқазған жерлерінің петроглифтері, қола дәуірідегі Мысық батыр кесенесі, XX ғ. басында салынған Ноғай Ишан кесенесі, Бөлтірік шешен мемориалы; Қарақожа мешіті, Абдулла Ишан мешіті, X-XII және XVII ғғ. мұрасы ақ – Кесене, Көк-Кесене бекінісі бағыттарын әзірлеуге ықпал ететіндігін жеткізді кандидаттар.

Кездесу соңында кандидаттар аудан жетістіктерін еселейтінін жеткізіп,  халық үмітін ақтауға барынша тырысатынын айтты және қоғамдық диалогтың кез келген түріне дайын екендіктерін білдірді. «Nur Otan» партиясының жеңіске жетуі үшін әр сайлаушының дауысы маңызды болып табылатынын да тілге тиек етті.

“Nur Otan” партиясының Талас аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.