«Aqjol» демократиялық партиясы Таразда кездесу өткізді

0 1

«Aqjol» демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалының үгіт-насихат тобы Тараз қаласындағы орталық саябақ ұжымымен кездесті, — деп жазды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

– Осы саяси науқанға қатысқан барлық партиялардың 10 желтоқсаннан бастап үгіт-насихат жұмыс­тарын бастағаны баршаға белгілі. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің ұлттық идеясын қағидатқа айналдырған 20 жылдық тарихы бар Aqjol партиясы да осы саяси науқанға белсене қатысуда. Біздің кандидаттар еліміздің түкпір-түкпіріне барып сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, партия атқарған жұмыстар туралы айтуда. Бүгін біз де сіздермен осы мақсатта кездесіп отырмыз, – деп атап өтті филиал төрағасы Асан Қошмамбетов.

Кездесу барысында партия филиалы төрағасының орынбасары Сейсегүл Дүйсебайқызы партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ол ондағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар туралы айтты.

– Егер сыбайлас жемқорлық жойылса, көптеген мәселелер шешіледі. Кедейлер мен байлар арасындағы алшақтық қысқарады, – деді партия өкілі.

Сейсегүл Дүйсебай­қызы бүгінгі таңда халықтың әл-ауқатын арттыру басымдыққа ие екенін атап өтті.

«Біздің елімізде бизнесті, әлеуметтік саланы, ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған көптеген мемлекеттік бағдарламалар бар. Біз оларды орындалмай жатыр деп айта алмаймыз. Дегенмен қомақты қаражат бөлінген бағдарламалар өңірлерде нашар іске асырылуда, олардың кейбіреулері тіпті тоқтап қалды. Сондықтан біз бірінші кезекте осындай жоспарлы бағдарламаларды жүзеге асыруға күш салуымыз керек» деп атап өтті ол.

Кездесу барысында орталық парк қызметкерлері атаулы әлеуметтік көмек, кәсіпкерлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына қатысты сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.