Ерікті болуы — ерлік

0 0

Мойынқұм аудандық кітапханасындағы «Сoworking» орталығында  «Ерікті болуы — ерлік» атты еріктілер жылының жабылуына арналған ауқымды шара өтті, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Амангелді Нәметқұлов, ішкі саясат бөлімінің, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, БАҚ өкілдері, ауданның белсенді жастары,  еріктілері қатысты.

— Еріктілер жылы жалынды жастарымыздың бойындағы ең асыл қасиеттерді дәріптеген ерекше жылға айналды. Бұл жанашырлыққа, жауапкершілік пен қамқорлыққа үндеген кезең болды. Біздің ауданымызда қоғамдық ортаға ерікті де ынталы түрде пайда тигізуді мақсат етіп жүрген азаматтардың қатары аз емес. Еріктілеріміз ешқандай қауіп-қатерге қарамай, ауданда  атқарылып жатқан біршама іс-шараларға өз үлестерін қосып, қарапайым азаматтарға көмектесті. Сіздер сияқты жанашыр азаматтары көп мемлекеттің болашағы да жарқын болмақ. Еріктілер қызметі барша азаматтарымызға үлгі болып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға жол ашады деп сенемін,- деді кездесу барысында сөз алған аудан әкімінің міндетін атқарушы атқарушы Амангелді Нәметқұлов.

Ауданда «Еріктілер жылы» барысында: «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында 27 іс-шара, 73 сенбілік өткізіліп, 170 аз қамтылған жалғыз басты, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға азық-түлік таратылған. «Туған жерге қызмет» акциясы барысында аудан тұрғындары мен жаны жомарт кәсіпкерлер 17 оттегі концентратор аппараты, 17 дана небулайзер, 11 дана кульсоксиметр, 100 дана төсек-жабдықтары алынып, 7500 бетпердені қолдан тіктіріп, 46 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттері таратылған.

Кездесуде сөз алған белсенді еріктілер Рысбала Мұсаева, Айдос Қосыбаев еріктілер жылы барысында өздерінің жинақтаған тәжірибесімен бөлісті.  Ал аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Боранкүл Әбішева әлемді жайлаған індет барысында аудандық ауруханаға көмек қолын созып, пандемияға қарсы пайдаланатын түрлі аппараттарды алып берген азаматтардың есімдерін атап, аурухананың атқарып жатқан жұмыстарын сөз етті.

Жиын соңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Амангелді Нәметқұлов бір топ еріктілерді Алғыс хатпен марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.