Қордайдағы тәртіпсіздіктер бойынша сот процесі кейінге қалдырылды

0 0

2020 жылдың 3 желтоқсанында Тараз қаласында  Қордай оқиғасына қатысы бар айыпталушыларға қатысты сот отырысы басталған болатын. Оқиғаға қатысты жеке кепілгерлік түріндегі бұлтартпау шарасымен жүрген 18 азаматтың 2-уінен ПТР-анықтама алу барысында сынама оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты процеске басқа қатысушыларының науқастану мүмкіндігін болдырмау мақсатында 2021 жылдың 5 қаңтарына жоспарланған негізгі сот отырысы кейінгі мерзімге — 2021 жылдың 18 қаңтарына қалдырылды, — деп жазады «ZhambylNews» АА.

Бүгінгі таңда ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен азаматтар карантиндік стационарға орналастырылып, тиісті медициналық көмектер көрсетілуде.

Айта кетейік, сотталушылардың туыстары үшін жеке залдар, ал БАҚ өкілдері үшін №2 қалалық сот ғимаратында процесс тікелей трансляцияланатын зал жабдықталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.