«Nur Otan» партиясы медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға күш салады

0 0

Байзақ ауданында «Nur Otan» партиясынан облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында кандидаттар азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші екеніне тоқталып,  білім беру, денсаулық сақтау сынды әлеуметтік салаларда сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салатындарын айтты.

Партияның сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген үшінші басымдық «Әлеуметтік бағдарланған аудан» бөлімінде нақты көрсетілген. Алдағы бес жыл шеңберінде партия медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға күш салмақ.

Орта мерзімді кезеңде саладағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталатын болады. Жұмыста коронавирус инфекциясымен күресу кезінде алынған тәжірибе қолданылады.

Азаматтардың денсаулығын сақтау басты міндеттердің бірі болып табылады. Алғашқы көмек адамдарға барынша жақындайды.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі жұмысты жалғастырып, қан айналымы жүйесі ауруларын анықтау үшін халықты скринингтік зерттеулермен қамтуды арттыруға және суицид пен бала өлімінің алдын алу бойынша жұмысты күшейтуге басымдық береді.  2025 жылға қарай 1000 адамға шаққандағы жалпы жалпы өлім-жітім кэффициенті 4,2-дан 4,0-ге төмендейді.

2025 жылға қарай  нәресте өлімінің коэффициенті 7,65-тен 6,90-ға дейін төмендетіп, ана өлімін болдырмау, 15-17 жастағы өзіне-өзі қол жұмсаудан өлім-жітімді болдырмауды қолға алады.

Бұдан бөлек, интернет арқылы халыққа қол жетімді дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың мәліметтер базасын құруға, жедел медициналық көмекті цифрландыруға, жасанды интеллект енгізуге, телемедицина арқылы онлайн-консультациялар санын көбейтуге және де 2023 жылы аудандық емхана құрылысына ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға халыққа медициналық қызмет көрсету саласында көрсетілетін қызметтер сапасы жақсарады.

Дәрігерлер қауымы партияның сайлауалды бағдарламасына сай 2025 жылға қарай халыққа медициналық қызмет көрсету саласында көрсетілетін қызметтер сапасы жақсаратынын атап өтіп, оған ықпал еткен партияны қолдауға дайын екендіктерін айтты.

«Nur Otan» партиясының Байзақ аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.