Жуалылықтар Дінмұхамед Қонаевты еске алды

0 1

Қоғам және саяси қайраткер Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 109 жыл толуына орай, Жуалы ауданында қайраткердің ескерткішіне күл шоқтары қойылды, деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО, шет ел ордендері мен медальдерінің иегері.

Гүл қою рәсіміне Жуалы ауданының Құрметті азаматы Әбілқасым Ергебеков, өлкетанушы Дәулетжан Байдалиев мен Жуалы аудандық тарихи өлкетану музейінің директоры Мұса Шонбаев қатысты. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты және Жуалы аудандық тарихи өлкетану музейінің қызметкерлері мен мектеп кітапханашылары көрме ұйымдастырды.

Сонымен қатар, қайраткер атындағы мектеп қабырғасында Д.А.Қонаевтың 109 жылдық мерейтойына орай іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында 2002 жылы мектепті бітірген бірқатар түлектер “Рухани жаңғыру” бағдарламасының “Жомарт жүрек” жобасын іске асыру мақсатында мектеп дәлізіне 1.5-2 метр көлеміндегі Д.А.Қонаев атамыздың портретін сыйға тартты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.