Қызылтал ауылдық округінің әкімі тұрғындарға есеп берді

0 0

Мойынқұм ауданы Қызылтал ауылдық округінің әкімі Мұхит Тилеужанов А.Назарбеков ауылының тұрғындары алдында есеп беру жиналысын өткізді, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Округ әкімі 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебін баяндағаннан кейін, ауыл тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныс, пікірлер тыңдады.

Ауыл тұрғындары егін суын уақытылы ерте көктемде жеткізіп берсеңіз және балалар үшін футбол алаңшасы соғылса деген өтініштерін айтты. Сондай-ақ, тұрғындар ауыл ішінде тұрмыстық қалдықтарды тастамауды қадағалау жұмыстары қарқынды жүргізілсе деген ұсыныс білдірді.

Есеп беру кездесуінің күн тәртібіндегі барлық мәселелер толық қаралып, айтылған барлық ұсыныстар, пікірлер назарға алынатындығы айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.