«Елбасының алғысы жігер сыйлады»

0 4

«Елбасының алғысы жігер сыйлады»Бұл облыстағы барлық ауданы мен Тараз қаласында жергілікті сайлауалды штабтың жетекшілерінің қолынан  ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  Алғыс хатын алған 1362  жамбылдықтың бірі Батырбек Саршаевтың пікірі. Ол «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық сайлауалды штабының мүшесі ретінде өңірдегі сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына өз үлесін қосқан.

Еңбегіміздің Елбасының Алғыс  хатымен ескерілгені қуантады. Әрі бұл алғыс бізге партия мүшесі ретінде аудандағы «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының орындалуына атсалысуға жігерлендіреді. Бүгін марапатқа ие болған барлық партияластырымның дәл осындай пікірде екеніне сенімдімін, – дейді Б. Саршаев.

«Nur Otan» партиясының Жамбыл аудандық  филиалының ғимаратында өткен марапаттау рәсімін «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық сайлауалды штабы төрағасының Рүстем Қасымов  ашып, жүргізді.

– Өздеріңізге мәлім жақында өткен ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттар сайлауының қорытындысымен жоғары заң шығарушы, жергілік атқарушы органның құрамы толықты. Депутаттық корпустың басым бөлігі депутаттық қызметке жаңадан кіріскен тұлғалардан тұрады. Партияның кезекті рет сайлаушылардың жоғары сеніміне ие болуына Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүргізілген парияны қайта жаңғырту бағытындағы ауқымды жұмыстар да сеп болғаны анық. Бұл жұмыстар Жамбыл ауданында да өз деңгейінде қолға алынды. Оған сіздер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезінде куә болдыңыздар. Сондай-ақ ортақ жеңісімізге сіздердің қосқан үлестеріңіз қомақты. Сайлауалды штабтың мүшесі, партияның сенімді өкілі ретінде сіздер өздеріңізге тапсырылған жауапкершілігі мол қызметті абыроймен атқарып шықтыңыздар. Міне осы еңбектеріңіз ескеріліп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатына ие болдыңыздар. Баршаңызды осынау марапатпен құттықтаймын, – деді Р.Қасымов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.