Жайылма ауылдық округінде есептік кездесу өтті

0 6

Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықовтың қатысуымен Жайылма ауылдық округінде есептік кездесу өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жайылма ауылдық округінің құрамында Жайылма, Қызылдихан, Маятас, Ақтам сынды ауылдар кіреді. Округте 3798 тұрғын, 571 аула бар. Жыл басынан бері 76 нәресте дүниеге келген.

Әкім аппараты жанынан арнайы құрылған комиссия, халықтың тұрмыс жағдайын анықтап, зерделеу нәтижесінде, орта есеппен 23 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Жыл басынан қоғамдық жұмысқа 24 адам тартылды.

Жайылма ауылдық округі бойынша 91 шаруа қожалықтары тіркелген. Қазіргі уақытта 73 шаруа қожалықтары белсенді жұмыс істеп тұр. Аудан әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесі арқылы ауылдық округ бойынша 22 азамат қайтарымсыз грант алып, кәсіптерін жүргізуде. 

2020 жылы Жайылма ауылында наубайхана ашылып, 6 түрлі нан түрлері пісіріліп азық-түлік дүкендеріне жеткізіліп берілуде.

Сондай-ақ, мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған мектеп түлектері Ысқақ Пірәдар мешітіне жылы еден орнатып берген. Маятас ауылының 1980 жылы мектеп бітірген түлектерінің демеушілігімен, «Аймағамбет» мешітіне күрделі жөндеу жұмыстарын жасалған. Дәл осындай, Қызылдихан ауылының 1980 жылы мектеп бітірген түлектерінің демеушілігімен, «Құрттыбұлақ» мешітіне күрделі жөндеу жұмыстары жасалған.

31 мамыр — Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, Жайылма ауылындағы Әйтеке би мектебін оқып бітіргеніне 40 жыл толған түлектердің демеушілігімен монумент орнатылды. Маятас ауылының 1980 жылы мектеп бітірген түлектерінің демеушілігімен жастар саябағы салынды.

Сонымен қатар «Қаратау ТКӨК КазФосфат» ЖШС демеушілік жасап, Ауған соғысы Жауынгерлеріне мәңгілік тағызым монументін орнатып берген. 

Жиынды Сарысу ауданы әкімі Бақытжан Жақсылықов ашты. Бұдан кейін аудан әкімі мен ауылдық округ әкімінің жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

Есептен соң ауыл тұрғындары жарыс сөзге шығып ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Атап айтар болсақ, Талас өзенінің суы мен шабындық және жайылымдық жерлердің мәселесін, көше аралық жолдардың жөнделуін, ауылдағы еңбек ерлерінің есімдерін аудан орталығы Жаңатас қаласындағы еңбек ерлері атындағы ескерткіш тақтада жазылуын сұрады.

Кездесуде күнделікті тірлікте кездесетін күрделі проблемалар мен ауданның бүгіні мен болашағына қатысты мәселелер кеңінен айтылып, ашық талқыланды.

Аудан әкімі түскен сауалдарға жауап беру барысында аудан мәселенің мәнісіне үңіліп, мұқият талқылап, шешілу мүмкіндігі немесе мемкін еместігінің жай-жапсарын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.