Байзақ ауданында Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай бірнеше іс шара өткізілді

0 1

Байзақ ауданында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай поэзия және ән кеші ұйымдастырылды,- деп жазады «Zhambylnews» АА.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығын байзақтықтар кең көлемде атап өтті. Аудандық «әл-Фараби» атындағы мәдениет үйі өнерпаздары ақынның өлеңдері мен әндерінен кеш өткізді.

Кеште «Шахан» халық театрының әртістері ақынның өлеңдерін оқып, «Шолпан» халық ән-би ансамблінің әншілері ақынның өлеңіне жазған әндерін шырқады. Ал, Байзақ аудандық орталық кітапхана қызметкерлері мен №1 мектеп гимназиясының 9 «а» сынып оқушыларымен  «Қазақтың ақиық ақыны» атты поэзия кешін ұйымдастырды.

Кеш барысында Жұмахан Әсем , Көбейсін Рамазан , Сайлау Диас, Коптилиев Нұрахмет, Мадибекова Азима Мұқағали өлеңдерін қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде нақышына келтіре оқып, оқырмандардың көңілінен шықты. Кеш соңында орталық кітапхананың кітапханашысы Сыздықова Марта «Қазақтың ақиық ақыны» атты кітап көрмесі жанынан әдебиеттерге шолу жасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.