Жаңатастық көпбалалы аналарға алтын, күміс алқалар табысталды

0 0

  Бүгін Жаңатас қаласында тұратын көпбалалы аналарға » Алтын» және «Күміс» алқа табысталды.Марапатқа ие болған жандарды қала әкімінің орынбасары М.Бегеев құттықтап, әр шаңырақтың ұйытқысы, берекесі болып отырған аналарға ізгі тілегін білдірді,-деп жазады  «Zhambylnews» АА. 

Қазіргі таңда Жаңатас қаласында көпбалалы аналар саны — 1380. Оның ішінде 1015 ана 4  және одан жоғары балалары бар аналар, яғни мемлекеттік жәрдемақы алатындар. 365 ана «Алтын алқа», «Күміс алқа», Батыр ана, 1-2 дәрежелі «Ана даңқы» медальінің иелері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.