Мойынқұмда Мұқағалидың 90 жылдығына орай аудандық байқау өтті

0 3

    Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры»  бағдарламалық мақаласының «Ұлы даланың ұлы есімдері»  арнайы жобасы аясында Мойынқұм аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына «Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев!» атты аудандық байқау өтті. Шараны мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мәлік Мұқашев  ашып, іс-шараның мәні мен  мақсатына тоқталып,  қатысушыларға тілегін арнады.,-деп жазады «Zhambylnews» АА.

«Поэзия!  Менімен егіз бе едің?! » атты бірінші кезеңде үміткерлер ақынның бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқыса,

«Есіңе мені алғайсың» атты екінші кезең ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындауға  арналды. Байқауға 27 үміткер қатысып, нәтижесінде, бірінші кезең бойынша-мойынқұмдық Балнұр Бекқұлы, көкжелектік Нұргүл Абылай, Эльвира Махан 3-орынды  иеленсе, хантаулық Әлфия Сарыбаева, мыңаралдық Қарашаш Мәкеш 2-орынды алды. Күшамандық Мәдина Кемелбек пен хантаулық Сержан Туғанбайға 1-орын берілді. «Бас жүлдеге»  биназарлық Бақытжан Қияш ие болды.

Екінші кезеңде, ақынның «Есіңе мені алғайсың» атты өлеңіне жазылған Елена Әбдіхалықованың әнін орындаған назарбековтық Дана Ақылхан 3-орынға іліксе, бірліктік Аружан Жолдасбек- Мұқағали ақынның «Туған өлке»өлеңіне жазылған Тұрсынжан Шапайдың әнімен 2- орынға шықты. А.Кенжебекова әуен шығарған, «Өмір сүрейік алмасып!» (немесе Жас қайың) әнімен, биназарлық Іңкәр Жеңіс 1-орынды жеңіп алды.

Сондай-ақ, Аудандық орталық кітапханасы мәдениет үйінің  фоэсінде «Мұқағали-мәңгілік өмір» атты мазмұнды кітап көрмесін ұйымдастырды. Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.

Байқаудың мақсаты- М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.

Leave A Reply

Your email address will not be published.