Мойынқұмда Наурыз көже таратылды

0 3

Бүгін аудан орталығындағы екі мәрте социалистік Еңбек Ері, даңқты шопан Ж.Қуанышбаев тұрған С.Сейфуллин көшесінің тұрғындары алғашқылардың бірі болып мерекені «Жаз Ата ауылы» атауымен дүбірлетіп өткізді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Бес мың жылдық тарихы бар Наурыз мерекесі әлемге жылулық әкеледі. Табиғат ана құлпырып, жер-ана бусанып, жұмыр жер бетіндегі жанды нәрселердің бойына қан жүгіреді, ағаштар бүршік жара бастайды. Сондықтан мейірімі түскен жаңа күн қаһарлы қыстан қысылып шыққан халықтың жанын жадыратып, шаттық пен қуанышқа бөлейді. Бұл мейрамда ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлеріміз насихатталып, мерекені халқымыз жылдан-жылға ерекше тойлауда.

Ұлттық нақышта киім киген көше тұрғындары, қыстан аман-есен шыққандарына қуанып, құшақтасып көрісіп жатты. Ауыл ақсақалы М.Сабыров атаның ақ батасынан кейін, жеті түрлі қоспадан дайындаған Наурыз көжеден дәм татты.

Содан соң, ұлтық салт дәстүрді насихаттау мақсатында тұсаукесер рәсімі жасалып, асық, арқан тартыс ұлттық ойындары ойналды. Ұлағатты мерекені өз деңгейінде тойлатып, жаңа жылдың жаршысы болған көше тұрғындары бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтып жатты.

Аталмыш шарада санитарлық талаптар сақталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.