Сарысу ауданының әкімі наубайхана жұмысымен танысты

0 6

Нан – береке. Нан – байлық. Сарысуда адалдық пен ерінбей еңбек етуді мақсат еткендер шағын кәсіптен-ақ көктеп, көгеріп отыр. Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев осындай кәсібінен өз нәсібін тапқан Алтынай Жапақованың наубайханасында болып, жұмысымен танысты, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жеке кәсіпкер аудан басшысына күніге 500- ден аса нан пісіріп, ұнды сырттан тасымалдайтынын, аудандағы дүкендерге пісірген нандарын жеткізетінін айтты.

Он адамды жұмыспен қамтып отырған наубайханашы алдағы уақытта осы жұмыстарды мұнан әрі жандандырмақ.

Десек те, Тараз қаласынан келетін нанды аудандағы дүкендердің алуына байланысты пісіріп отырған нанының саны азайғандығын да тілге тиек етті.

Аудан басшысы жеке кәсіпкерге сәттілік тілеп, көтерген мәселені зерделеуді аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөліміне тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.