Жаңатастың бас жоспары талқыланды

0 10

Бүгін Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевтың төрағалығымен, аудан орталығы Жаңатас қаласы құрылысы кеңесінің кезекті отырысы өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жиынға кеңес мүшелері, аудан әкімдігі жанындағы жер комиссиясы мүшелері мен құқық қорғау органдары және аудандағы заңгер азаматтар қатысты.

Жалпы, қала құрылысы кеңесі аудан әкімдігінің қаулысымен 2019 жылы құрылған болатын.

Бұл Кеңесте қаламыздың Бас жоспары егжей-тегжейлі талқыланды.

Жиынның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе «Жаңатас қаласының Бас жоспарындағы мәселелер туралы» хабарлама жасау үшін сөз аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дәуренбек Шалбаевқа берілді.

Содан соң «Қала аумағында жеке тұрғын үй құрылысы мен кәсіпкерлік мақсатында берілген жерлер туралы» аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Ерболат Ұзақбековтің хабарламасы тыңдалды.

Хабарлама аясында өзекті мәселелер көтеріліп, сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.