Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғындары әкімге сауалдарын тікелей жолдай алады

0 0

Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғындары әкімге сауалдарын енді тікелей жолдай алады. Аудан басшысы халықпен байланысты одан әрі нығайту үшін арнайы ватсап мессенжеріндегі нөмірін жариялады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

«Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірменді әлеуметтік желі қолданушылары!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында азаматтардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне назар аударып қана қоймай, олардың түйткілді әрі өзекті мәселелерін шешу көзделген.

Ең алдымен осы тұжырымдаманы ілгерілету мақсатында халықпен ауданның әлеуметтік желілерінде «Әкім сағаты» жобасын тікелей эфирде 10 мәрте өткізіп, 100-ден аса өтініш-тілектерге назар аударып, сұрақтарға толымды жауап қайтардым. Сондай-ақ 28 жеке қабылдау өткізіп, әрбір келген тұрғынның мәселесіне жіті назар аудардым.

Халықпен байланысты одан әрі нығайту мақсатында WhatsApp мессенджеріндегі нөмерімді жариялауды жөн санап отырмын.
Ендігі кезекте өтініштеріңіз бен қордаланған мәселелерді маған WhatsApp желісі арқылы тікелей жолдауларыңызға болады» — делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.