Мойынқұмдықтар коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдыра бастады

0 3

Мойынқұмда коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату қаупі жоғары санатына кіретін медицина, білім, басқа да салалардың қызметкерлері бастаған 55 аудан тұрғындары COVID 19 вирустық инфекциясына қарсы екпе салдырды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Екпе алғандардың қатарында аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөліміннің басшысы Манарбек Көшкімбаев, аудандық қорғаныс істер бөлімінің басшысы Рашид Мұстафаев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Несіпбаева да бар. Олар екпе қабылдар алдында дәрігердің тексерілуінен өтіп, қарсы көрсетілімдері болмаған соң алғашқы егуді қолға алды.

Қазақстанда жұқпалы ауруларға, оның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация тегін, ерікті түрде және вакцинациялауға ниет білдірген адамның ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі. Екпе салдыру Covid 19 вирустық инфекциясымен күрестің ең тиімді жолы болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.