Тараздағы NIS оқушылары жүлделі III орынды иеленді

0
15

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен 7-12 сынып оқушылары арасында «Greentelligent Solutions – 2021» I онлайн ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Байқауда Тараздағы NIS оқушылары жүлделі III орынға ие болды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі. 

Конференция дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, оларды шығармашылық және эксперименталды болуға және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Сайысқа 9 сынып оқушылары Бекнұр Рәтбек мен Малика Оразбаева қатысты. Конференция 2 кезеңде өткізілді. Оқушылардың жобаларына жетекшілік еткен өнер пәнінің мұғалімі Абаева Гульнар Мизанбековна.

Қатысушылардың еңбектері тақырыптың өзектілігі, жұмыстың ғылыми негіздемесі, проблеманы шешудің өзіндік ерекшелігі; практикалық маңыздылығы секілді критерийлер бойынша бағаланды. Оқушылар жүлделі сертификаттармен марапатталды.

Конференция жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

!

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here