Мойынқұм ауданында полиция бөлімінің қызметкерлері екпе салдырды

0 1

Мойынқұм ауданында полиция бөлімінің басшысы мен қызметкерлері вакцина салдырды. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен өз денсаулықтарын ойлаған құқық қорғаушылары екпе салдырудың маңыздылығына осылай басымдық берді, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Бүгінде дүние жүзіне қауіп төндірген пандемия індеті әлі де таралуын тоқтатпай, өз зардабын тигізуде. Еліміз бойынша тұрақталған
эпидемиологиялық ахуал, қазіргі таңда қайтадан күрделеніп вирус жұқтырған науқастардың саны артып келеді. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін екпе салдыру маңызды, осы орайда Мойынқұм ауданының полиция бөлімінің басшысы Ж.Тохабаев және оның қызметкерлері Covid-19 вирустық инфекциясына қарсы екпесін салдырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.