Ерболат Садырқұлов Луговой ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды

0 6

Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов Луговой ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Луговой ауылдық округі аудан көлемінде орталық Құлан ауылынан кейінгі 12 мың халық тұратын ірі елді мекен. Аталмыш ауылдың инфрақұрылымын жақсарту мақсатында өткен 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жол картасы» шеңберінде 16 көше асфальттанып, жалпы ұзындығы 1,5 км құрайтын 2 көшеге жаяу жүргіншілер жолы төселіп, 3 көшеге жарық шамдар жаңадан орнатылды және 4 көшенің жарық шамдары ағымдағы жөндеуден өтті. Үстіміздегі жылы да игілікті істі жалғастыру мақсатында тағы 13 көшеге асфальт төсеп, халық көп жүретін көшелерге тротуар салу жоспарлануда. Осы мақсатта аудан әкімі тротуар, асфальт төсеуді және электр желілерін тартуды қажет ететін көшелермен жеке танысты.

Аудан әкімінің жұмыс сапары Еңбекші көшесінен басталды. 62 үйді қамтыған атаулы көшеге биыл «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында асфальт төселіп, электр бағаналары мен жарық шамдар орнатылған және 800 метр электр желісі тартылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, аудан басшысы Луговой ауылындағы бекеттің ескі қызметшілеріне арналған жатақхана ғимаратымен танысты. Бекет жұмысын тоқтатқалы бері аталмыш жатақхана бос тұр. Сәйкесінше, тозған, тоналған. Ғимарат күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Е.Садырқұлов жатақхананың қазіргі жағдайымен танысып, ғимаратты өңір жұртшылығының кәдесіне жарату қажет екенін және осы мақсатқа бағытталған нақты шаралар (жөндеу жұмыстары, көгілдір отын тарту, электр қуатын арттыру)атқарылу керек екенін тиісті сала басшыларына жеткізді.  

Жұмыс алгоритміне сәйкес, аудан әкімі Луговой ауылдық мәдениет үйінің жұмысымен танысты. 1963 жылы бой көтеріп, 2004 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарынан ғана өткен мәдениет ошағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенде ерекше назарда болуы қажет жерлерін, ауыл тұрғындарының және жастарының көз қуантар үйінің дизайны ерекше болуы қажет екенін ерекше атап өтті.

Луговой ауылында жастардың еркін жаттығып, спортпен айналысатын арнайы ғимараты жоқ. Бүгін ауыл жастары мектеп спортзалдарында жаттығып жүр. Осы мәселені шешу мақсатында аталмыш ауылда спорт кешені салынады. Бірақ, бекеттің бос тұрған ескі ангары жағдайымен жеке танысқан аудан бсшысы Е.Садырқұлов бос ғимаратты ауыл жастарының игілігіне жарату мақсатында, ангарды жөндеуден өткізіп, фитнес залына айналдыру қажет деп,тиісті мекеме басшыларына өз ұсыныстары мен тапсырмаларын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.