Мойынқұмда Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығы аталып өтіледі

0 0

Мойынқұм ауданда даңқты шопан, Екі мәрте Социалистік Еңбек ері Ж.Қуанышбаевтың туғанына 125 жыл толуын мамыр айының аяғына қарай аталып өту жоспарланған. Осыған байланысты аудан әкімі Мәден Мұсаев Жаз-ата саябағында жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстардың барысымен танысты, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Мұндағы жұмыстарды жүргізіп жатқан мердігер Д.Жақсымбетов пен аудан әкімінің орынбасары С.Төлегенов аудан басшысына жұмыс барысын егжей тегжейлі көрсетіп өтті.

Сондай-ақ аудан басшысы М.Мұсаев орталық алаңды да аралап көріп, тазалық және абаттандыру жұмыстарын жандандыру сынды жұмыстарды жүйеге келтіру керектігі атап айтып, тиісті тапсырмаларды берді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.