Бəріміз бір шаңырақ астында тату-тəтті өмір сүріп келеміз!

0 1

Ассалаумағалейкум қазақ елі! Мен Айдархан Асанов Мойынқұм ауданы Айдарлы ауылының тұрғынымын, ұлтым күрді.

Біздің тұрғылықты жерімізде қазақ, күрд, орыс, ұйғыр т.б. ұлттар тұрады. Бəріміз бір шаңырақ астында тату-тəтті өмір сүріп келеміз. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.

Бұл күн — әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады. Барша мойынқұмдықтарды бүгінгі мерекемен құттықтаймын! Елімізге тыныштық тілеймін!

Асанов Айдархан,

Мойынқұм ауданы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.