Биназарда «Еңбек ері-Жаз ата» мерекелік ісшарасы өтті

0 3

Бүгін Мойынқұм ауданы Биназар ауылындағы О.Жандосов атындағы орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен «Еңбек ері-Жаз ата» тақырыбында мерекелік ісшара өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Іс-шара барысында ауыл тұрғындары
«Естен кетпес бір кездесу» тақырыбында көрермен назарына әсерлі көрініс қойып, мектеп ұжымы хормен «Жазылбекшілер маршы», » Атамекен» әндерін, мектеп түлегі Іңкәр Жеңіс «Мойынқұмда» әнін орындаса, мектептің жас ұстаздары «Батырлар» «Саржайлау» биін мың бұрала биледі. Жалпы мектеп ұжымының жоғары деңгейде дайындалғаны киген киім үлгілерінен, өздерін сахнада ұстауларынан, мереке өткен орынның әсем безендіруінен ақ байқауға болады.

Екі мәрте социалистік Еңбек Ері атанған, жаз дидарлы Жаз-атаның 125 жылдығына орай өткізілген жиында ауылдық округ әкімі Бағдат Наурызбаев, аудандық «Мойынқұм таңы» газетінің бас редакторы Сүндетулла Әбілов, ақын-сазгер Болатбек Әбішев, ауылдың төбе биі Дүйсенғали Мешітбайұлы, мектеп директоры Гүлжанат Сұлтанқызы, зейнеткер, еңбек ардагері Айман Зенәділовалар құттықтау сөз алып, орамды ой пікірлерімен бөлісті.

Кеш қонақтары, Жаз-атаның егіз ұлдары Қойшыбай, Тойшыбай ағаларымыз мектеп ұжымына ризашылықтарын жеткізсе, ауыл қариясы Назымхан Тайлақбаев жиналған көпшілікке бата беріп, ақ жарма тілегін айтты.

Жиын соңында кеш қонақтары киіз үй ішіне жайылған ақ дастархан басына жайғасып, астан дәм татты. Ауылдық округ әкімінің бас маманы Қанат Жапарұлы Жаз-атаның әруағына бағыштап құран оқыды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.