Байзақ ауданында 300 отбасыға азық-түлік себеттері табыс етілді

0 0

Жамбыл облысының əкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Ізгі істер» республикалық акциясы шеңберінде Байзақ ауданында қайырымдылық  іс-шаралар марафонын қолдау мақсатында  1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні 300 отбасыға азық-түлік өнімдерінің жиынтығы табыс етілді, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Ұлы достық пен татулықты, мейірімділікті ұлықтаған мереке аясында аудан орталығы- Сарыкемерде «Отбасы аллеясы» ашылды.

Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық шаралары өріс алып, əлеуметтік осал топтарға жалпы 772 адамға  азық -түлік себеті үлестірілді.

Халықтар достығын, ынтымақ пен бірлікті əспеттеген мерекеде жомарт жандардың демеуімен игі іс жүзеге асып, адамдардың мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін арттырып, бірлігін көрсете білді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.