Талас ауданында 67 нысанның құрылыс жұмыстарына 641 адам жұмысқа тартылған

0 1

Талас ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 3 миллиард 593 миллион теңге игеріліп, 67 нысанның құрылыс жұмыстарына халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 641 адам тартылған, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 46 адам мерзімдік кәсіптік оқытуға жолды. Ал «Бастау Бизнес» жобасымен 229 аудан тұрғыны оқып шықты. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы сертификат алған 12 азаматқа несие, 135 адамға қайтарымсыз грант берілген.
Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен хамту орталығы мамандарының айтуынша, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға өткен жылы 30 миллион теңге бағытталып, 166 адам жұмысқа орналасқан. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 186 жас мекемелерге тәжірибеден өтуге жіберілсе, қоғамдық жұмыс орындарына 1016 адам тартылған. Осылайша өткен жылы 3762 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 110,1 пайызға орындалған.
Бүгінгі таңда жұмыс күші тапшы өңірлерді мамандармен қамтамасыз ету мақсатында ауданнан Павлодар облысына – 5 (15 адам), Солтүстік Қазақстан облысына – 1, Қостанай облысына – 4 отбасы (12 адам) қоныс аударған.
Бұдан бөлек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 3 миллиард 593 миллион теңге игеріліп, 67 нысанның құрылыс жұмыстарына халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 641 адам тартылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.