Талас ауданында «Асарлатып үй салу» жобасы аясында үш тұрғын үй пайдалануға берілді

0 0

Талас ауданының Есейхан ауылында «Асарлатып үй салу» жоба бойынша салынған 2 баспана, 1 қызметтік үй пайдалануға беріліп отыр,- деп жазады “ZhambylNews” АА.

«Асарлатып үй салу» жобасы аясында өткен жылы 100 үй көпбалалы, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларға берілген еді. Биыл Талас аудадардың ішінде алғашқысы болып, Есейхан ауылында осы жоба бойынша салынған үш баспана пайдалануға беріліп отыр.

Аудан əкімі Қанатбек Мəдібектің айтуынша, алдымен мұқтаж отбасы ауыл ақсақалдарының шешімімен анықталып, ауыл тұрғындары мен демеушілердің көмегімен жүзеге асқан. Нəтижесінде ауданда асарлатып соғылған үйдің алғашқы кілті Есейхан ауылының тұрғындары, əлеуметтік аз қамтылған отбасы санатындағы Ерлан Бегетаев пен Масия Тойбаеваға берілді. Оның бірі 4 бөлмелі, екіншісі 5 бөлмелі үйге ие болған. Бұдан бөлек, 2 бөлмелі қызметтік үйдің де құрылысы да тəмамдалып, пайдалануға бірге берілген.

Айта кетсек, Есейхан ауылында бой көтерген бұл үш үй бір шатырдың астында орналасқан. Алайда олардың əрқайсысының өз жеке ауласы, қора жайы бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.