Арыз-өтініштер жүйелі түрде зерделенетін болады — Тамара Дүйсенова

0 3

Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан Президентінің көмекшісі — Президент Әкімшілігінің Өтініш­тер­ді қа­­рауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова бастаған алқалы топ Жамбыл ауданында болып, әкімдіктің мәжіліс залында актив жиынымен кездесу өткізді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Жиынды аудан әкімі Сәкен Арубаев ашып, жүргізіп отырды.

Жиында Тамара Дүйсенова мемлекеттік органдар жұмысының жаңа жағдайдағы жұмыс ерекшеліктері және өтініш берушілердің жұмыс сапасын арттырудың жаңа мүмкіндіктері туралы айтты. Енді «е-Өтініш» біртұтас ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беруші дәлелдер келтіру және оларды зерделеуге қатысу және түсініктеме беру, қажетті құжаттар ұсыну құқығына ие болады. Сондай-ақ мемлекеттік органнан алған жауабына қанағаттанбаса, одан жоғары сатыда тұрған органға шағым келтіруге және талап-арызбен сотқа беруге құқығы бар. Сынықты сылтау қылып, болмашы себептермен талап-өтініштерді кері қайтару тәжірибесін тоқтату үшін сот азаматтардың сұрағын дұрыс жазуға қолғабыс етеді.
Төреші «белсенді» және «сайлаушы» болады, арызданушыға мүддесін қорғауға көмектеседі.

Жалпы «е-Өтініш» қандай өзгеріс әкеледі деген сауал туындайтыны заңдылық. Өзгерісі сол, өтініштермен жұмыстың идеологиясы өзгереді, іс жүзінде азаматтардың кез келген өтініші, оның құқықтарын жүзеге асыруға байланысты сот талқылауының мәні болуы мүмкін, дәлелдемелерді жинау бойынша міндеттерді жауапкер органға толық жүктейді, жаңа әкімшілік соттар құрылуда және сот органдарының рөлі түбегейлі өзгеруде.

Бірінші шілдеден бастап, «е-Өтінішке» өту жұмыстары басталады.
Азаматтардың өтініші мемлекеттік органдарға біртұтас ақпараттық жүйе арқылы түсетін болады. Сондай-ақ арызданушы өз өтінішінің қаралу барысын бақылап отыра алады.
Қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдар ақпараттық жүйеге толықтай қосылғаны белгілі. Енді халықпен тікелей жұмыс жасап, олардың сауалына жауап беру, шешілу жолдарын қарастыру жергілікті билік органдарына байланысты болады.

Міне, Тамара Дүйсенова осындай жаңашылықтың басталуын айтып, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қойылған сауалдарға орнықты жауап қайырды.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев қатысып отырды.
Сондай-ақ жиыннан соң алқалы топ Қарасу ауылдық округіне барып, әкімдіктің жұмысына ден қойып, міндері мен келіп түскен сауалдар легіне назар аударды

Leave A Reply

Your email address will not be published.