Талас жұртшылығы май­дан­герлерге тағзым етті

0 2

Ұлы Отан соғысы жылдарында неміс басқыншыларына қарсы таластықтар да ерлікпен шайқасып, қаһармандық пен қайсарлықтың нағыз үлгісін көрсетті. 9 мамыр — Жеңіс күніне орай, ел қорғаған ерлерді ес­ке алу үшін қала жұртшылы­ғы «Даңқ» мәңгілік алау монументіне жиылып, май­дан­герлерге тағзым етті, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Ауданнан аттанған үш мыңнан аса азамат оқ пен оттың ортасында жүріп, же­ңісті жақындатуға өз үлес­терін қосты. Олардың қатарында полк басқарған, гвардия полковнигі Сымық Бертаев, батальон басқарған, гвардия майоры Рәтай Сұлтанбеков, рота командирі Тұрымқұл Мақашев, Кеңес Одағының батырлары Амантай Дәулетбеков және Сәду Шәкіров болды.

Жұртшылық отан үшін от кешкен қаһармандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, мәң­гілік алау монументіне гүл шоқтарын қойды.

Сондай-ақ, бұл күні «Жеңіс» автокеруені қала кө­шеле­рінен жүріп өтсе, ор­талық алаңда Ұлбике ақын атындағы мәде­ниет ор­талығының ұйымдасты­руы­мен мерекелік концерт берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.