Т.Рысқұлов ауданында «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 14 отбасы баспанамен қамтылмақ

0 0

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен «Асарлатып үй салу» жобасы Т.Рысқұлов ауданында да қолға алынған болатын. Жоба аясында ағымдағы жылы ауданда 14 отбасыны үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда аталған жоба бойынша ауыл әкімдерімен бірлесе жұмыстар атқару аясында 15 ауылдық округтен 12 үйдің құрылысы мен 2 дайын үй сатып алу бойынша жұмыстары басталып та кеткен. Аталған 12 үйдің алтауында қабырғасын көтеру жұмыстары жүргізілуде.

Ал Қорағаты ауылдық округі бойынша тұрғындардың үйге қажеттілік жоқтығына байланысты үй құрылысы жүргізілмейтіндігі анықталып отыр.

Ақыртөбе ауылдық округінде ағымдағы жылдың ақпан айында демеушілер есебінен 2 млн теңгеге әлеуметтік аз қамтылған отбасыға  сатып алынған үйдің ішкі едендерін және сыртқы қабырғаларын әрлеу жұмыстары жүргізілсе, мұндай игі тірлік Ақниет ауылдық округіне қарасты демеушілерді ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, өз жалғасын табуда.

Аталған шараға ауылдық округ әкімдері мен әкімшілік қызметкерлері, ауылдық ардагерлер ұйымының төрағалары мен мүшелері, ауылдың ерікті жастары мен ауыл имамдары және кәсіпкерлер мен демеушілер тартылып құрылыс материалдарын сатып алу, құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, құрылыс жұмыстарының барысы аудан әкімінің бақылауында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.